Қазақстанның Қызыл Кітабы ::: Түрікмен құланы (Equus hemionus)

Equus hemionus

Түрікмен құланы

Таксондық классификация
Тип Хордалылар (Chordata)
Клас Сүтқоректілер (Mammalia)
Отряд  (Perissodactyla)
Тұқымдас  (Equidae)
Туыс  (Equus)
Түрдің авторы Boddaert, 1785
Информация
Қысқаша сипаттамасы Сирек, Қазақстанда 1953 жылы жерсіндірілген. 1982 жылдан Қапшағай мемлекеттік аңшылық-қорық шаруашылығында, 1986 жылдан - Бетпақдала, 1991 жылдан – Маңғыстауда жерсіндіру жұмыстары жүргізіле басталды. Шөл және шөлейтті жерлердің жазықты, төбелі және қиыршық тасты жерлерін мекендейді; аласа таулар мен тау бөктерлерін де жайлай береді. Қазақстанда жалпы саны - 700 бас. Алматы мен Қарағанды хайуанаттар парктерінде бағылады және көбейді. «Алтынемел» ұлттық паркінде, Барсакелмес қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Түрікменстаннан қан жаңарту үшін жаңа құландар әкеліп, Оңтүстік Балқаш өңіріне жерсіндіру қажет.

Егерде Сізде ескерту, ұсыным және басқа информация болса, жасаушыға жіберуіңізді өтінеміз.